Малидің Мопти облыс орталығында содырлар жолаушылар мінген автобусқа оқ жаудырып, 31 адам қаза тапты.

Reuters-тің хабарлауынша, жолаушылар мінген автобус Сонго ауылынан Бандиагара базарына бара жатқан.

Көршілес Банкас қаласының мэрі Мулай Гуиндоның айтуынша, қарулы адамдар автобусқа оқ жаудырып, оның дөңгелектерін кесіп тастаған.

Әзірше бұл оқиғада елдегі лаңкестік топтардың қайсы бірі жасағаны белгісіз. Малиде үкімет күштері мен түрлі сепаратистік және исламшыл топтардың содырлары арасындағы қарулы қақтығыс 2012 жылдан беріге жалғасып келеді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Малиде содырлар автобусқа оқ жаудырып, 30-дан астам адам қаза тапты