Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен кәсіпқой бокс бойынша “IBA.Pro 7” турнирінде жерлесіміз Мадияр Саидрахимов жеңіске жетті.
Әлем чемпионатының жүлдегері, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған Мадияр бұл жарыста Әзербайжан өкілі Ахмад Мустафаевпен 6 раундтық жекпе-жек өткізді.
Тартысты өткен жекпе-жекте 27 жастағы Саидрахимов қарсыласын ұпай айырмашылығымен ұтты.
Айта кету керек, бұл жеңіс М.Саидрахимов үшін кәсіпқой бокстағы екінші табысты жекпе-жек болды. Ол 2017 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы алғашқы кездесуінде де жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар, жерлесіміз Куба, Ресей секілді елдерде IBA жүйесіндегі жартылай кәсіпқой бокс жекпе-жектерінде де лайықты нәтижелер көрсетіп келеді. Ал әзербайжандық Ахмад Мустафаев үшін бұл кездесу кәсіпқой бокстағы дебюті болатын.