Ұлыбританияда банкноттардағы монархтың бейнесі өзгертілді
Ұлыбритания королі Чарльз III өз портретін алғаш рет маусым айында айналымға енетін жаңа фунттық банкноттарда көрді.
Англия банкінің губернаторы Эндрю Бэйли мен бас кассир Сара Джон Букингем сарайында корольге оның суреті бейнеленген алғашқы банкноттарды сыйға тартты.
Енді жаңа монархтың бейнесі айналыстағы барлық номиналдарда – 5, 10, 20 және 50 фунттық банкноттарда пайда болады.
Король, дәстүр бойынша, жаңа банкноттардың алғашқы көшірмелерін алуы керек. Бұл монархқа 00001 сериялық нөмірлері бар банкноттар берілгенін білдіреді.
Чарльз III бейнеленген банкноттар патшайым Елизавета II бейнеленген бұрынғы банкноттармен қатар қолданылады.