Әлем чемпионатының дебютанттарына арнайы белгі беріледі
Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсететін футболшылардың жейделеріне арнайы белгі тағылатын болады.
ESPN басылымының хабарлауынша, аталған ерекше белгі дебютант ойыншыларды өзге жұлдыздардан айқындап, олардың мансабындағы тарихи сәтті айрықша атап өту мақсатында енгізіліп отыр. Тіпті қазірдің өзінде әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналған Ламин Ямал да алаңға дәл осындай белгімен шығады.
Айта кетейік, тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан ұлттық құрамасы ойыншыларының барлығы да осындай жейдемен өнер көрсететін болады.