Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Онда Хорватияның Загреб қаласында спорттық күрес түрлерінен өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған үздік спортшылар құрметке бөленді.
Іс-шара барысында 24 жылдық үзілістен кейін грек-рим күресі бойынша Өзбекстан құрамасына әлем чемпионатында алтын медаль сыйлаған Айтжан Қалмахановтың еңбегі ерекше атап өтілді. Оған BYD маркалы автокөлік пен 15 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар әлемнің үздік балуандарымен өткен күрделі бәсекелерде қола медаль еншілеген Абдулло Алиев, Умиджон Жалолов және Ғуломжон Абдуллаевқа 3 750 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берілді.