Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанды

«Ювентус» клубы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды.

Атаулы марапатқа орай өткен дауыс беру кезінде Роналду 38% дауыс жинаған. Екінші орында Барселонаның шабуылшысы Лионель Месси (24%) және үздік үштікке «Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммед Салах (23%) жайғасқан.  

Криштиану Роналду карьерасында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентус» клубтарында ойын көрсетіп, Португалия құрамасымен Еуропа чемпионы атанды, 5 рет Чемпиондар лигасында кубокқа қол жеткізсе, Англияда үш рет, Испания мен Италия екі реттен чемпион атанды. Рони осы дәуір кезеңінде 5 мәрте «Алтын доп» иегері болды.

Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша «Жылдың үздік ойыншысы» польшалық «Бавария» клубының шабулшысы Роберт Левандовскиге нәсіп еткен болса,  ХХІ ғасырдың үздік бапкері Хосеп Гвардиола лайық деп табылған.