Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты

Ташкент қаласының тағы екі тұрғыны осы індеттен көз жұмғаны айтылады
Өзбектанда коронавирус ауруын жұқтырғандар қатары тағы 257 кісіге көбейіп жалпы науқастар саны 25 040-қа жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша жаңадан ауру белгілері анықталған азаматтардың 103 Самарқанд, 99 Ташкент қаласында, 18 Сырдария, 14 Қашқадария, 9 Науаиы, 5 Наманган, 5 Ферғана облыстары мен 4 кісі Қарақалпақстан аймағынан тіркелген.
Ташкент қаласының тағы екі тұрғыны осы індеттен көз жұмғаны айтылады.
Қазіргі кезде ел аумағында 9592 ауру азамат дерігерлер бақылауында қалуда. Олардың 592-сінің жағдайы ауыр, 185 жанның хәлі өте ауыр екені хабарланған.