Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 13 маусымда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль жұбайымен бірге елімізге мемлекеттік сапармен келді.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сапқа тұрды.
Сапардың негізгі шаралары ертең, 14 маусымда өтеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздерде Өзбекстан-Корея достығы мен ерекше стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қарастырылады.
Саммит соңында бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.
Сондай-ақ бірлескен бизнес форумға екі ел Президенттері қатысады деп күтілуде.
Президент Юн Сок Ёль Өзбекстанның бай мәдени және тарихи мұрасымен танысу мақсатында Самарқанд қаласына барады.
[gallery-17822]
И.АВВАЛБОЕВ,
Н.ҲАЙДАРОВ (фото),
ӨзА