Кенияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 110-ға жетті
Кенияның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 110 адамға жетті.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, елдің 30-дан астам ауданы толассыз жауын-шашын салдарынан туындаған су тасқыны мен басқа да табиғи апаттардан зардап шеккен.
Елдің Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық үкіметті үйлестіру басқармасының дерегіне сәйкес, тұрғындар күтпеген қиындықтарға тап болып, маңызды инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген.
– Ең көп, яғни 37 өлім жағдайы Найроби қаласында тіркелді, – делінген ел астанасы билігінің мәлімдемесінде. – Шығыс өңірде 26, ал Рифт аңғарында 14 адам көз жұмған.