Канада да балалар үшін әлеуметтік желілерге шектеу енгізбек
Канада үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларды цифрлық қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында әлеуметтік желілерді шектеу және жасанды интеллектіні бақылауға алуға бағытталған жаңа заң жобасын ұсынды.
Бастамаға сәйкес, тек мемлекет белгілеген қатаң қауіпсіздік талаптарына толық сай келетін платформаларға ғана ерекше жағдайда жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл қадам әлемде алғаш болып осындай тыйым енгізген Австралияның тәжірибесінен кейін көтеріліп отыр.
Заң жобасы әлеуметтік желілермен қатар, жасанды интеллект негізіндегі чат-боттардың қызметін де реттеуді көздейді. Осы мақсатта арнайы цифрлық бақылау органы құрылып, талаптарды бұзған компанияларға жаһандық табысының 3 пайызына дейін немесе 10 миллион канада долларына (шамамен 7,2 миллион АҚШ доллары) дейін айыппұл салу қарастырылған.
Жауапты министр Марк Милнер мұндай платформалардың балалардың қалыпты дамуына кері әсер етіп, күйзеліс, алаңдаушылық және жалғыздық сезімін күшейтетінін атап өтті.
Заңның басты мақсаты – жасөспірімдерді виртуалды кеңістіктен гөрі шынайы өмірдегі қарым-қатынасқа, білім алуға және қоғамдық белсенділікке көбірек тарту.