Орталық Африканың батысындағы Камерун елінде автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 15 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға сейсенбі күні түс ауа Шығыс пен Адамава аймақтарын байланыстыратын тас жол бойындағы ауылдардың бірінде болған.
Полиция дерегінше, Адамава аймағының астанасы Нгаундере қаласына бара жатқан автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған, соққыдан кейін көліктегі жанармай салдарынан жарылыс болған.
Камерун мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында үш жасар бала мен жеті әйел қайтыс болған. Апаттан зардап шеккендердің ауруханаға жеткізілген және оларға медициналық көмек көрсетіліп жатқаны айтылған.
Камерун көлік министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын елде жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1,5 мың адам қайтыс болады.