Жыл басынан Өзбекстанда 276,9 мың неке тіркелген
2021 жылдың 11 айында Өзбекстанда 276,9 мың неке тіркелген.
Мемлекеттік статистика комитетінің дерегінше, некеге тұру саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға өскен.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Өзбекстанда жыл басынан бері 832,4 мың бала туу тіркелген. Көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64 474-ке көбейген.