Жібек өнімдері Вьетнамға экспортталады
Өзбекстаннан Вьетнамға жібек өнімдері экспортталады.
Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитетінің төрағасы Бахром Шарипов вьетнамдық инвестор, «Ming Sang Co Ltd» компаниясының басшысы Доан бастаған делегация өкілдерін қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, Вьетнамға жібек өнімдерін экспорттау жөнінде келісілді.


Қазіргі уақытта вьетнамдық делегация мүшелері республиканың аймақтарында орналасқан жібек фабрикаларын аралап, өндіріс процестері және жібек өнімдерінің сапасымен танысуда.
Гулноза Бобоева,
ӨзА