
Футболдан өзбекстандық жартылай қорғаушы Жасур Жалолиддинов биылғы маусымды Алматының «Қайрат» клубында жалғастырады.
Клубтың ресми мәліметінше, 20 жасты жартылай қорғаушыны Алматы клубы 2022 жыл маусым соңына дейін жалға алған. Келісім-шарт бойынша «Қайрат» клубында футболшыны сатып алу құқығы бар екені айтылған.
Жасыл алаңдағы кәсіби мансабын 2018 жылы Ташкенттің «Бунёдкор» клубында бастаған футболшы, 2020 жылы Мәскеу «Локомотив» сапына ойнап, кейін «Тамбов», «Әндіжан» және Ташкенттің «Локомотив» командаларында өнер көрсеткен.
Еске салар болсақ, Жасур Жалолиддиновтың «Локомотив» клубымен 2023 жылдың соңына дейін келісім шарты бар.