Жарты жылда Өзбекстанға емделу үшін 35 мыңнан астам шетелдік келді
Өзбекстан медициналық туризм бағытындағы тартымды елдердің біріне айналып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында республикаға емделу мақсатында келген шетелдік азаматтар саны 35 мыңнан асты.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Өзбекстанға емделу үшін 35 401 шетелдік азамат келген.
Статистика бойынша, медициналық туризм аясында елге ең көп келгендер – Тәжікстан азаматтары. Олардың саны 19 096 адамды құрады.
Одан кейін Қырғызстан – 9 552, ал Қазақстан – 4 582 азаматпен үздік үштікте тұр. Бұл үш мемлекет Өзбекстанға келген медициналық туристердің негізгі бөлігін құрайды.
Осы кезеңде Ауғанстаннан1 280 адам емделу мақсатында Өзбекстанға келген. Ал Ресейден келген медициналық туристер саны 772 адамды құрады. Қалған 119 келуші басқа мемлекеттердің азаматтары.
Сарапшылардың пікірінше, медициналық инфрақұрылымның дамуы, заманауи клиникалардың көбеюі және медициналық қызметтердің салыстырмалы қолжетімділігі Өзбекстанның медициналық туризм саласындағы тартымдылығын арттырып келеді.