Жапонияның батысындағы Исикава префектурасындағы атом электр станцияларының бірінде күшті жер сілкінісі болғаннан кейін су деңгейі нормадан асып кетті.
NHK медиа ұйымының хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін «Hokuriku Electric Company» атом электр станцияларындағы су деңгейін жүйелі түрде тексере бастады. Зерттеулер станциядағы су деңгейінің 3 метрге көтерілгенін көрсеткен.
Сонымен қатар, реакторларды сыртқы электр қуатымен қамтамасыз ететін трансформатор құбырлары да зақымданған. Бұзылу мұнайдың ағып кетуіне себеп болған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.