«Жаңа Өзбекстан жастары – 2030» стратегиясының тұсаукесері өтті
Жастар шығармашылық сарайында Өзбекстан жастар саясатындағы мүлде жаңа кезеңнің бастамасы болатын маңызды құжат – «Жаңа Өзбекстан жастары – 2030» стратегиясының таныстырылымы өтті.
Іс-шара аясында арнайы стратегия алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар ірі жобалар мен жаңа мүмкіндіктермен таныстырылды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «TOP-100 kitobxon» байқауының ашылу рәсімі өтті. Бұл байқау жастар арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, сондай-ақ жыл бойы ең көп кітап оқыған 100 білімді жасты анықтап, оларды лайықты марапаттау мақсатында ұйымдастырылған.
[gallery-28936]
Іс-шара барысында салаға жауапты мамандардың, соның ішінде Жастар кәсіпкерлігін дамыту мемлекеттік мақсатты қоры, сондай-ақ «1000 kitob», «Thompson school», «Qizlar akademiyasi» және «Butunjahon yoshlar ofisi» сияқты ірі әрі табысты жобалар жетекшілерінің қатысуымен арнайы сессиялар өтті.
суреттерді түсірген О.Пардаев, ӨзА