Испандық зымыран алғаш рет суборбитальды ұшуды орындады
Испанияның PLD Space компаниясы сенбі, 7 қазанда Miura 1 суборбитальды зымыран тасығышын ұшырды.
El Mundo газетінің хабарлауынша, бұл Еуропадағы алғашқы жеке зымырандық ұшу.
Испанияда толығымен жобаланған және жасалған алғашқы зымыран және оны ұшыру ауа райының нақты жағдайын қажет етеді. «Ұшырудың түпкі мақсаты технологияны нақты жағдайда сынайтын алғашқы ұшу сынақтарын өткізу», - делінген хабарламада.
Зымыран Кадис шығанағынан 46 шақырым биіктікке көтеріліп, бес минуттық ұшудан кейін Атлант мұхитына қонды. Биіктігі 11 метр, салмағы 100 келі болатын шағын зымыран – биіктігі 35 метр, екі сатылы Miura 5 зымыран тасығышын жасаудағы алғашқы қадам. PLD Space 2025 жылдан бастап салмағы 500 килограмнан аз коммерциялық және ғылыми жерсеріктерді төмен Жер орбитасына шығару үшін Miura 5 зымырандарын пайдалануды жоспарлап отыр. Miura 1 үшін әзірленген компоненттердің 70 пайызын Miura 5 үшін пайдалану жоспарланған.