Иранның оңтүстік-шығысында бірнеше жарылыс болды
Иранның оңтүстік-шығысында, Ормуз бұғазы маңында бірнеше жарылыс болды.
«АзерТАЖ» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылыс дыбыстары Сирик қаласының маңында теңіз жақтан және Кешм аралынан естілген. Арал тұрғындары аспанның жарқ етіп, қатты дыбыс шыққанын байқаған.
Кейбір дереккөздер әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің іске қосылғанын да жоққа шығармайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл оқиға Ормуз бұғазында қозғалыс ережелерін бұзған кемелерге ескерту ретінде оқ атылуымен байланысты болуы мүмкін. Әзірге оқиғаның себебі туралы ресми расталған ақпарат жоқ.