Иран мен АҚШ Женевада келіссөз өткізеді
Биыл 26 ақпанында Женева қаласында Иран мен АҚШ арасындағы Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің үшінші раунды өтеді.
Бұл туралы Оман сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди мәлімдеді.
– АҚШ–Иран келіссөздерінің бейсенбі күні Женевада өтетінін растаймын. Оң нәтижеге қол жеткізіп, келісімді аяқтау жолында келесі қадамды жасау қажет, – деп жазды саясаткер өз парақшасында.
Еске салайық, тараптар арасындағы келіссөздердің бірінші раунды 6 ақпанда Оманда, ал екінші раунды 17 ақпанда Женевада өткен болатын.