Golden Boy жүлдесіне басты фавориттің есімі белгілі болды
Еуропаның жоғары дивизиондарында ойнайтын 21 жасқа толмаған үздік футболшыға берілетін Golden Boy жүлдесіне басты үміткерлер қатарында «Барселона» қорғаушысы Пау Кубарси көш бастап тұр.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 19 жастағы испаниялық футболшы командаласы Ламин Ямалды басып озып, жылдың үздік жас ойыншысы атануға басты үміткер саналып отыр.
Жаңартылған рейтингте Кубарсиден кейінгі орында Ямаль тұр. Үздік үштікті жазғы трансферлік кезеңде «Реал» сапына қосылған ивуарлық шабуылшы Ян Диоманде түйіндейді. Мадридтік клуб оны «Лейпцигтен» бонустарды қоса есептегенде жалпы 140 миллион еуроға сатып алды.
Golden Boy-2026 рейтингі:
- Пау Кубарси — «Барселона»
- Ламин Ямаль — «Барселона»
- Ян Диоманде — «Реал»
- Заир-Эмери — «ПСЖ»
- Айюб Буадди — «Лилль»
- Виктор Фрёхольдт — «Порту»
- Райан — «Борнмут»
- Эндрик — «Реал»
- Эли Жуниор Крупи — «Борнмут»
- Эстевао — «Челси»
Айта кетейік, Golden Boy жүлдесі жыл сайын Еуропаның жоғары дивизиондарында ойнайтын 21 жасқа толмаған үздік футболшыға беріледі. Бір ойыншы бұл марапатты мансабында тек бір рет қана жеңіп ала алады. 2015 жылы жүлдені «ПСЖ» шабуылшысы Дезире Дуэ иеленген.
Егер Кубарси ақырында жеңімпаз атанса, ол Golden Boy тарихында бұл жүлдені алған екінші қорғаушы болмақ. Бұған дейін мұндай жетістікке 2018 жылы нидерландтық қорғаушы Маттейс де Лихт қол жеткізген.
Кубарсидің рейтингте көш бастауына оның «Барселона» сапындағы тұрақты әрі сенімді ойыны, қорғаныстағы жоғары шеберлігімен қатар, жасына қарамастан жауапты матчтарда өзіне артылған міндетті сапалы орындауы және Испания құрамасы сапындағы нәтижелі өнері айтарлықтай ықпал етіп отыр. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатында чемпион атанып, турнирдің үздік жас футболшысы деп танылған болатын.
Еске салар болсақ, Golden Boy-2026 жүлдесін табыстау рәсімі 26 қазанда өтеді.