Германиядағы «Volkswagen» зауыты қорғаныс өндірісі кешеніне айналдырылады
Германияның солтүстік-батысында орналасқан «Volkswagen» автокөлік зауыты қорғаныс өндірісі кешеніне айналдырылмақ.
Бұл Еуропаның ең бай мемлекеті құрлық бойынша қайта қарулану бағдарламасы аясында әскери шығындарын арттырып жатқан тұста қолға алынып отыр.
«Volkswagen» құрамындағы Оснабрюк автозауытын Төменгі Саксония жері мен Тель-Авивте орналасқан «Aurelius Capital» инвестициялық компаниясына сату жөнінде келісім жасалғаны жарияланды. Жергілікті билік пен «Aurelius» Израильдің «Темір күмбез» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін әзірлеуге қатысқан компаниялардың бірі – «Rafael Advanced Defense Systems» компаниясымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
– Бұл жоспар Германия мен жалпы Еуропаның әуе қорғанысы жүйелеріне қажетті қосалқы бөлшектер шығаруды көздейді. Біздің мақсатымыз – алдағы серіктестік пен жаңа жобаларға жол ашу, – деген кәсіпорын өкілі.
Хабарда айтылуынша, зауытты қайта бейімдеу барысында қазіргі 1 800 жұмыс орнының 1 400-ін сақтап қалу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.