Германияда коронавирус пандемиясы аяқталды
Неміс вирусологы Германияда COVID-19 пандемиясының аяқталғанын мәлімдеді.
Tagesspiegel газетіне сұхбат берген вирусолог Кристиан Дростен COVID-19 пандемиясын аяқталды деп санауға болатынын айтып, оны эндемиялық ауру, деген.
«Менің білуімше біз осы қыста Sars-CoV-2-мен алғашқы эндемиялық толқынды бастан өткеріп жатырмыз. Бұл пандемия аяқталын білдіреді», - деген Берлиндегі Чарите университеті ауруханасының вирусология бөлімінің басшысы.
Оның пайымдауынша, қыстың соңына қарай коронавирусқа қарсы иммунитет халық арасында кең таралады және тұрақты болады, сондықтан жазда вирустың жаппай таралуы екіталай.
«Германиядағы және жалпы Еуропадағы вакцинация науқаны пандемиямен күресте шешуші қадам болды. Сонымен қатар, COVID-19 таралуына байланысты енгізілген шектеулер толығымен өзін ақтады», - деген вирусолог.