Германия Президентінің Өзбекстанға сапары аяқталды
Германия Федеративті Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Өзбекстанға жасаған ресми сапары аяқталды.
Айта кету керек, екі күнге созылған сапар бағдарламасы мазмұнды әрі нәтижелі болды. Өзбекстан мен Германия мемлекеттері басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті. Сондай-ақ бірқатар жаңа бірлескен жобалар мен бағдарламаларға бастау берілді.
Мемлекет басшылары келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлестек мәлімдеме қабылдап, көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылыстарын растады. Сонымен қатар екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті. Өзбекстанда қалаларды орнықты дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін грант қаражатын бөлу мен жеңілдетілген қаржыландыруды көздейтін қаржылық ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.
[gallery-30009]
Франк-Вальтер Штайнмайер сапардың екінші күні Ислам өркениеті орталығы жәдігерлерімен танысты. Сондай-ақ «Papenburg Uzbekistan» бірлескен кәсіпорнының қызметін де аралап көрді.
Мәртебелі мейманды «Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ачилбай Раматов пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Б.ХУДОЙБЕРДИЕВ,
Н.ХАЙДАРОВ (фото), ӨзА