Германия Федеративтік Республикасы Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Өзбекстандағы сапары аясында Ташкенттегі Гёте институтына барды.

Германия Федеративтік Республикасы Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Өзбекстандағы сапары аясында Ташкенттегі Гёте институтына барды. Осы мекеменің алдындағы алаңда салынған, Йохан Вольфганг Гете ескерткіші мен бақтың ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінен соң Германия президенті Гете институтының студенттерімен кездесті.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда Германия академиялық алмасулар қызметі, Конрад Аденауэр және Фридрих Эберт қорының өкілдіктері, Неміс халық университеттері қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық бойынша институт сынды ГФРдің көптеген ғылыми-мәдени ұйымдары табысты жұмыс істеп келе жатыр.

Қазіргі уақытта өзбекстандық 700-ден астам студент, ғылыми зерттеуші Германия жоғары оқу орындарында оқиды. Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдер университеті мен Самарқанд экономика және қызмет институты жанындағы академиялық лицей бітірушілерінің 15-і Германияның мәдениет және білім министрлігінің тұрақты конференциясының неміс тілі дипломын алды.

12.jpg

Ташкенттегі Гете институтының негізгі мақсаты неміс тілін үйрету және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Немістанушылар, студенттер және неміс тіліне қызығатын жандар үшін мұнда неміс тілін үйренуге барлық жағдай жасалған. Неміс тілін үйренуге ниет білдірген кез-келген адам осы жерде қол жетімді курстарда оқуға мүмкіндік алады. Еліміздің 4000-нан астам азаматы қазірг институттың тілдік оқу орталықтарында неміс тілін оқып жатыр.

Федеральдық Президент екі отандасымыз - Өзбекстандағы Германия елшілігінің аудармашысы Мукаррам Каримова және Марғилан қаласының неміс тілі мұғалімі Лидия Осинаны «Bundesverdienstkreuz» («Германия Федеративтік Республикасына қызмет көрсеткені үшін») орденімен наградалады.

Осындай жоғары марапаттармен отандастарымызды марапаттау екі жақтық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі ғана емес, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастарды нығайту жөніндегі қызметтерді жоғары бағалау болып табылады.

24.jpg

27.jpg

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия Президенті Ташкенттегі Гете институтына барды
Жамият
23:43 / 28:05:2019