Израиль армиясының Газа секторында жүргізген операциялары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 45,3 мыңнан асты.
Палестиналық медицина қызметтердің мәліметінше, тағы шамамен 107,7 мың адам жарақат алған.
INTERFAX дерегінше, соңғы тәулікте 58 адам қаза тапса, тағы 86 адам жарақат алған.
Газа секторында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері израильдік әуе шабуылдары салдарынан қаза болғандардың денелерін тасымалдау және жарақат алғандарға көмек көрсету қиындағанын атап өткен.
Өз кезегінде Израиль билігі Газа секторында қаза тапқан адамдар саны туралы палестиналық тараптың мәліметтеріне бірнеше рет күмәнмен қарап отыр.