G20 виртуалды саммиті қараша айында өтеді
Үндістанның төрағалығымен G20 көшбасшыларының виртуалды саммиті қараша айында өтеді.
G20 ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, «Үлкен жиырмалық көшбасшыларының виртуалды саммиті 22 қарашаға жоспарланған».
Үндістан 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап G20 саммитіне төрағалық етуде. Қыркүйек айында Нью-Делиде топ жетекшілерінің саммиті өтті, осыдан кейін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди G20 виртуалды сессиясын өткізуді ұсынды.
Виртуалды өтетіншарада Нью-Делиде көтерілген мәселелер талқыланады деп жоспарланған. Соның ішінде 2030 жылға қарай жойылған экожүйелердің 30 пайызын қалпына келтіру, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, вакцина, білікті медициналық емдеуге және бүкіл әлем бойынша сапалы диагностикаға тең қолжетімділікті және т.б.
G20-ның келесі кездесулері Бразилияда (2024), Оңтүстік Африкада (2025) және АҚШ-та (2026) өтеді.