Футболдан әлем чемпионатында ширек финалдың тағы екі қатысушысы белгілі болды
Норвегия өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының үздік сегіз командасының қатарына қосылса, Англия алаң иесі Мексиканы жарыс жолынан шығарды.
6 шілде күні өткен 1/8 финал кездесулері әлем чемпионаты тарихына енуі мүмкін нәтижелермен есте қалды. АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында өткен матчта Норвегия бес дүркін әлем чемпионы Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Ал Англия Мексиканы 3:2 есебінде жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті. Осы жеңілістен кейін Мексика 2026 жылғы әлем чемпионатымен қоштасқан екінші алаң иесі атанды. Бұған дейін Канада да 1/8 финалда Мароккодан жеңіліп, жарысты аяқтаған еді.