Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты Қатарда өтеді

Биылғы футбол маусымдағы клубтары арасындағы ақтық бәйге, әлем біріншілігі 11- 21 желтоқсан аралығында Қатар елінде өтеді.
Биылғы футбол маусымдағы клубтары арасындағы ақтық бәйге, әлем біріншілігі 11- 21 желтоқсан аралығында Қатар елінде өтеді.
Бұл кезгі жарысқа «Ливерпуль» (Англия, УЕФА), «Эсперанс» (Тунис, КАФ), «Монтеррей» (Мексика, КОНКАКАФ), «Иенген Спорт» (жаңа Каледония, Океания ФК) және «Ас-Садд» (Катар) клубтары және екі қатысушы Либертадорес Кубогы мен Азия Чемпиондар лигасы финалынан кейін анықталады.
Өткен маусымда кубокты Испанияның «Реал Мадрид» клубы жеңіп алған болаты. Финалда Араб Эмиратының «Аль-Айн» клубымен Абу-Дабидегі атақты «Шейх-Зайед» стадионында ойнап, қарсыластарын 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Клубтар арасындағы өткен әлем чемпионаты ойындары тарихында, ең көп гол соққан ойыншы қазірге португалдық шабуылшы Криштиану Роналду. Жеті гол соққан. Ал клубтар арасындағы өткен әлем чемпионаты ойындары кезеңінде, ең көп чемпион атанған футболшы гермаиялық жартылай қорғаушы Тони Кросс. Бес рет жеңімпаздар қатарында болған (2013, 2014, 2016, 2017, 2018).
