Футбол: Өзбекстан құрамасы Al Ain Cup турнирінің жеңімпазы атанды
Өзбекстан құрамасы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Al Ain Cup халықаралық жолдастық турнирінің финалында Өзбекстан мен Иран құрамалары кездесті.
Матчтың негізгі және қосымша уақытында есеп ашылмады. 68-минутта Абдуқодир Хусанов алаңнан қуылды.

Пенальти сериясында сәттілік Өзбекстан құрамасына нәсіп етті. Есеп 4:3.
Осылайша, Өзбекстан құрамасы тағы бір мәрте Иранды жеңді.