Футболдан Өзбекстан мен Қазақстан ұлттық құрамалары қараша айында жолдастық кездесу өткізеді.

Өзбекстан футбол қауымдастығының (ӨФҚ) хабарлауынша, жоспарға сай жолдастық кездесу 2022 жыл 16 қараша күні Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өтпек.

Хабарда айтылуынша, Өзбекстан ұлттық құрамасы қараша айында Ташкентте жиын өткізу жоспарланған. 

«Осы оқу-жаттығу жиыны аясында Сречко Катанецтің шәкірттері Қазақстан құрамасымен халықаралық жолдастық кездесуге қатысады. Кездесу 2022 жыл 16 қараша күні сағат 18:00де Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өтеді», делінген хабарламада.

Азия кубогы ойындарына дайындық аясында ӨФҚ соңғы кездері ұлттық құрамаға мықты спарринг серіктестерін таңдауда.

«Көршілеріміз Еуропа Ұлттар Лигасына сәтті қатысып, «В» лигасына жолдама алды. Аймақтағы ең мықты құрамалар арасындағы матч, футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен және өте қызықты оқиғаға айналары сөзсіз», дейді Өзбекстан футбол қауымдастығы таратқан ақпаратта.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Өзбекстан мен Қазақстан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді