Францияның ірі басылымдары Х әлеуметтік желісіне қатысты сотқа шағым түсірді.

The Guardian басылымының хабарлауынша, Францияның ірі басылымдары, соның ішінде Le Figaro, Le Monde, Le Parisien және Les Echos газеттері Х әлеуметтік желісіне қатысты сотқа шағым түсірді.

2024 жылдың мамыр айында Франция соты осы басылымдардың АҚШ әлеуметтік желісіне қарсы талабын қанағаттандырып, Х желісіне жаңалық материалдарын пайдаланғаны үшін қаламақы төлеу міндетін жүктеген болатын.

Сот шешіміне сәйкес, Х екі ай ішінде БАҚ-қа олардың материалдары қолданылған жазбалардың қанша рет қаралғаны және қанша рет таратылғаны туралы ақпарат беруі тиіс еді. Сондай-ақ, әлеуметтік желі жазбаларды көрсету алгоритмдерінің жұмыс тәсілін ашуы қажет болған. Бұл мәліметтер 2019 жылы Францияда сандық платформаларға қатысты күшіне енген ілеспе құқықтар туралы заң аясында потенциалды қаламақыларды «ашық бағалау» үшін маңызды саналады.

Алайда, шағым авторларының айтуынша, Х әлеуметтік желісі әлі күнге дейін сот талаптарын орындамаған. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Х кеңсесін ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін айыптап отыр.

Франция бұқаралық ақпарат құралдары 2021 жылы Google компаниясына да осындай талап қойған, және ол талап қанағаттандырылған. Осыдан кейін іздеу платформасына француз БАҚ-пен қаламақы туралы келіссөздерде қабылданған кейбір міндеттемелерін орындамағаны үшін монополияға қарсы реттеуші тарапынан 500 мың еуро айыппұл салынған еді. 2024 жылы Францияның Антимонополия қызметі Google-ға тағы осындай айып тағып, 250 мың еуро айыппұл салды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияның ірі басылымдары Х әлеуметтік желісін сотқа берді