Франция музейінен 2 500 жылдық бірегей алқа ұрланды
Францияның Шатийон-сюр-Сен қаласында орналасқан «Musée du Pays Châtillonnais – Trésor de Vix» музейінен бірегей тарихи жәдігер ұрланған.
«The Art Newspaper» басылымының хабарлауынша, бетперде киген екі адам өзге келушілердің көзінше көрме витринасын сындырып, бағалы алтын алқаны алып кеткен.
«Викс ханымы» атанған кельт ақсүйегінің қабірінен 1953 жылы табылған бұл бұйымның тарихы шамамен 2 500 жылға созылады. Салмағы 450–480 грамм болатын алтын алқа кельт мәдениетіне қатысты ең құнды әрі сирек археологиялық мұралардың бірі саналады.
Қылмыскерлер музейдегі басқа да бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.