Формула-1: Макс Ферстаппен Сингапур Гран-приінде алғаш рет жеңіске жетті
Формула-1 бойынша 2026 жылғы маусымның 17-кезеңі – Сингапур Гран-приінде «Ред Булл» командасының өкілі, әлемнің төрт дүркін чемпионы Макс Ферстаппен жеңіске жетті
«Феррари» пилоты Шарль Леклер екінші орын алса, чемпионаттың қазіргі көшбасшысы Андреа Кими Антонелли («Мерседес») үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – Ферстаппеннің мансабында Сингапур Гран-приінде алғаш рет жеңіске жетуі. Сонымен қатар кезекті жарыс нидерландтық пилот үшін Формула-1-дегі 250-ші Гран-при ретінде тарихта қалды.
Формула-1. Сингапур Гран-приі. Жарыс нәтижелері:
Макс Ферстаппен («Ред Булл») – 62 айналым.
Шарль Леклер («Феррари») – +7,335 секунд.
Андреа Кими Антонелли («Мерседес») – +24,573 секунд.
Ландо Норрис («Макларен») – +40,506 секунд.
Оскар Пиастри («Макларен») – +49,644 секунд.
Льюис Хэмилтон («Феррари») – +53,188 секунд.
Лиам Лоусон («Рейсинг Буллс») – +1:21,666.
Нико Хюлькенберг («Ауди») – +1:23,386.
Джордж Расселл («Мерседес») – +1:24,677.
Исак Хаджар («Ред Булл») – +1:30,862.
Пьер Гасли («Альпин») – 1 айналымға қалып қойды.
Оливер Берман («Хаас») – 1 айналымға қалып қойды.
Эстебан Окон («Хаас») – 1 айналымға қалып қойды.
Карлос Сайнс («Уильямс») – 1 айналымға қалып қойды.
Арвид Линдблад («Рейсинг Буллс») – 1 айналымға қалып қойды.
Фернандо Алонсо («Астон Мартин») – 1 айналымға қалып қойды.
Серхио Перес («Кадиллак») – 2 айналымға қалып қойды.
Алекс Албон («Уильямс») – 2 айналымға қалып қойды.
Валттери Боттас («Кадиллак») – 3 айналымға қалып қойды.
Лэнс Стролл («Астон Мартин») – жарысты аяқтай алмады.
Франко Колапинто («Альпин») – жарысты аяқтай алмады.
Габриэл Бортолето («Ауди») – жарысты аяқтамады.