Формула-1: Джордж Расселл Австрия Гран-приінің жеңімпазы атанды
Австрияның Шпильберг-Книттельфельд қаласындағы «Ред Булл Ринг» автодромында Формула-1 маусымының сегізінші кезеңі – Австрия Гран-приі өтті.
Жарыста «Mercedes» командасының өкілі Джордж Расселл жеңіске жетті. «Red Bull» командасының пилоты Макс Ферстаппен екінші орын алса, «Mercedes» сапындағы Андреа Кими Антонелли үздік үштікті түйіндеді.
Австрия Гран-приі (8-кезең)
- Джордж Расселл («Mercedes»)
- Макс Ферстаппен («Red Bull»)
- Андреа Кими Антонелли («Mercedes»)
- Оскар Пиастри («McLaren»)
- Льюис Хэмилтон («Ferrari»)
- Исак Хаджар («Red Bull»)
- Ландо Норрис («McLaren»)
- Шарль Леклер («Ferrari»)
- Лиам Лоусон («Racing Bulls»)
- Арвид Линдблад («Racing Bulls»)