Forbes Uzbekistan басылымының басшысы Қазақстандық болады
Forbes-тың өзбекше нұсқасы келер жыл наурыздан бастап жарық көреді
Әлемдегі ең танымал экономикалық-қаржы жайындағы мәліметтер бойынша ақпарат беруші Америка журналы «Forbes» Өзбекстанда өз басылым келер 2020 жылдан жолға қоймақ.
Forbes Uzbekistan басылымының бас кеңсесі Ташкентте оранласынтын болып журналдың алғашқы нұсқасы наурыз айында көпшілікке жол тартады. Атаулы басылым үшін рұқсатнаманы Қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов алған болып, редакцияның басшысы етіп «Forbes Kazakhstan» журналы редакторы Анастасия Новикова болатынын айтқан.

Өзбек БАҚ-қа жаңадан енгелі тұрған ақпарат көзі екі тілде өзбек және орыс тіліді журнал мен веб-сайтын іске қосуды жоспарлап, қазірде оның алғашқы нұсқасын шығаруға қызу дайындық басталып кеткен. Forbes Uzbekistan-ның негізін қалаушы Арманжан Байтасов Өзбекстанда Forbes Club-та ашу ниетінде екенін айтып оны өзі жүргізетінін мәлімдеген.