Флик чемпиондықтан кейін «Барселона» клубымен келісімшартын ұзартты
Ханс-Дитер Флик сәтті өткен «Эль Класико» және Ла Лигадағы чемпиондықтан кейін «Барселона» клубымен келісімшартын ұзартты.
Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
«Жаңа келісімшарт 2028 жылдың маусымына дейін жарамды, сондай-ақ оны 2029 жылдың маусымына дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған — яғни тағы бір маусымға ұзаруы ықтимал», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, «Барселона» өз алаңында ежелгі қарсыласы «Реалды» 2:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын Испанияның 2025/26 жылғы маусымының чемпионы атанды.