Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
Филиппинде магнитудасы 7,8 балл болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.
Филиппин Азаматтық қорғаныс басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, Соксарген өңіріне кіретін Оңтүстік Котабато, Султан Кударат, Сарангани провинциялары мен Генерал-Сантос қаласында 12 адам көз жұмып, кемінде 129 адам жарақат алған.
Филиппиннің вулканология және сейсмология институты цунами қаупіне байланысты ескерту жариялады. Табиғи апат ошағы жер қыртысының шамамен 55,2 шақырым тереңдігінде орналасқан.
Жер сілкінісінен кейін қуаты 4,6 мен 6,5 балл аралығындағы он афтершок тіркелген.