Фиджитал баскетбол: Ташкенттегі жарыста Беларусь командасы жеңіске жетті
Ташкенттегі «Олимпия қалашығында» фиджитал баскетболдан халықаралық жолдастық турнир өтті.
Беларусь пен Өзбекстанның бес командасы қатысқан жарыс дене және цифрлық ойындарды бір арнаға тоғыстырған форматта ұйымдастырылды.
Тартысты өткен жолдастық турнирдің финалында Беларусьтің «Flash Basket» және Өзбекстанның «2K Renesans» командалары кездесті.

Ойында қонақтар 29:26 есебімен басым түсті.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Беларусьтің «Flash Basket» командасы жеңімпаз атанды.
Осылайша, Өзбекстанның «2K Renesans» және «Play Next» командалары жүлделі орындарға ие болды.