FIDE Самарқандтағы шахмат олимпиадасы қарсаңында Беларусь шахматшыларына қатысты санкцияны алып тастады
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Самарқандта өтетін шахмат олимпиадасы қарсаңында Беларусь шахматшыларына қатысты енгізілген барлық санкцияның күшін жойды.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылданған шешімге сәйкес, Беларусь спортшылары енді халықаралық жарыстарда өз елінің мемлекеттік туы астында өнер көрсету құқығына ие болды.
Беларусь құрамасы ұлттық туымен қатысатын алғашқы ірі турнирлердің қатарында қыркүйек айында Самарқандта өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы мен мүгедектігі бар спортшылар арасындағы шахмат олимпиадасы бар.
Бұл шешім халықаралық шахмат қауымдастығындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде бағаланып отыр және Беларусь құрамасының әлемдік деңгейдегі жарыстарға толыққанды оралуына мүмкіндік береді.