2021 жыл Өзбекстанда 9 шетелдік компания ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден өткен болып, орал қатарында Facebook пен Google ең ірі салық төлеушілер болып табылды.
Осы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша Facebook 7,6 млрд, Google Commerce Limited - 4,6 млрд, Apple - 2,2 млрд, Netflix - 331 млн және Яндекс - 256 млн сум салық төлеген.
Мемлекеттік салық комитетінің хабарлауынша, Өзбекстанда 2 жыл бойы тұрақты өкілдігі жоқ жеке тұлғаларға электронды қызмет көрсететін 28 шетелдік компания салық төлеуші ретінде тіркелген. Booking.com B.V, Netflix International B.V, Apple, Facebook, Yandex, Huawei және т.б. солар қатарында.
Бұдан бөлек 2021 жылы 9 шетелдік компания Өзбекстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден өтті. Олар: Vaskiani Ventures Limited (Кипр), Google Cloud EMEA Limited (Ирландия), Spotify (Швеция), Adobe (Ирландия), DELSE, Inc. (АҚШ), Scribd, Inc. (АҚШ), LinkedIn Ireland Unlimited Company (Ирландия), Google LLC (АҚШ) және Microsoft Ireland Operations Limited (Ирландия).