Еуропада Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Жақында Австралияда еврей қауымына жасалған шабуылдан кейін Еуропа аймағында көптеген елдер Рождество мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.
Атап айтқанда, Франция билігі азаматтарға төнетін қауіп-қатерді азайту мақсатында жаппай іс-шараларға қатысуға шектеу қоюды жоспарлап отыр. Лондонда да қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Германиядағы Еуропаның ең көне Рождество жәрмеңкесі орналасқан Дрезден қаласында полиция жоғары дайындық режиміне көшкен. Сондай-ақ Страсбург, Вена және Зальцбург қалаларындағы жәрмеңкелер тәулік бойы жеке күзет қызметі мен бейнебақылау камералары арқылы қорғалатын болады.