Emirates әуе компаниясы ұшақ бортына жолаушылардың пейджер немесе рация алып шығуына, оларды багажға тапсыруына тыйым салды.
Бұл туралы әуе компаниясының мәлімдемесінде айтылған.
«Дубайға немесе Дубай арқылы ұшатын барлық рейстердің жолаушыларына пейджерлер мен рацияларды қол жүгі немесе багаж арқылы тасымалдауға тыйым салынады. Қол жүгі немесе багаждан табылған мұндай заттар Дубай полициясы тарапынан тәркіленеді», – делінген хабарламада.
17 қыркүйек күні Ливанда «Хезболла» ұйымы жылдам байланыс үшін қолданатын пейджерлерде бірқатар жарылыстар орын алды. Келесі күні рациялар да жарылды. Жарылыс салдарынан кем дегенде 37 адам қаза тауып, үш мыңға жуық адам жарақат алған.