Элдор Шомурадов Түркия Суперлигасының үздік сұрмергені атанды
Өзбекстан ұлттық құрамасының капитаны әрі «Истанбул Башакшехир» клубының шабуылшысы Элдор Шомурадов Түркия Суперлигасының маусымын ең үздік сұрмерген ретінде аяқтады.
Өзбекстандық шабуылшы осы маусымда 22 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
«Трабзонспор» шабуылшысы Пол Онуачу да дәл осындай көрсеткішке ие болғанымен, оның 6 голы пенальтиден соғылғандықтан, сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасты.
Үшінші орынды «Фенербахче» ойыншысы Андерсон Талиска иеленді. Бразилиялық жартылай қорғаушы маусымды 19 гол және 4 нәтижелі паспен қорытындылаған.
