Экологиялық партиясы бірқатар бастамалар ұсынуда
Өзбекстан Экологиялық партиясы биылғы сайлаудағы науқан аясында халықты табиғат үшін бірігуге шақырып бірқатар бастамалар ұсынуда.
Атап айтқанда, партия өзінің сайлауалды бағдарламасында атмосфераға шығарылатын зиянды газдардың мөлшерін екі есе азайту, шамадан тыс ластаушы заттар шығарғаны үшін өтемақы төлемдерін 10 есеге дейін арттыруды ұсынған.

Сонымен қатар, партия Өзбекстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерді пайдалануға және жабайы жануарларды аулауға мерзімсіз мораторий жариялауды ұсынып отыр.
Партияның 10 жастан асқан ағаштарды көшіруге тыйым салу, құрылыс мақсатында ағаштарды заңсыз кескен кәсіпкерлердің жерге деген құқығын жою тәртібін енгізу, азаматтарды экологиялық құқықбұзушылықтар туралы хабарлағаны үшін ынталандыру жүйесін кеңейту секілді бастамалары табиғатты қорғауда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, партия елді мекендерде қайта өңделетін қалдықтарды автоматтандырылған түрде қабылдау құрылғыларын орнату, тұрмыстық қызмет көрсету орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда ағынды суларды тиімді пайдалану талаптарын күшейту, қызметі барысында экологияға зиян келтіретін ұйымдарға салықтарды көбейту арқылы жылыжай газдарын азайтуға инвестиция салуды қолдау идеяларын ұсыныстар қатарына енген.
Жалпы, Экологиялық партияның сайлауалды бағдарламасындағы табиғатты, қоршаған ортаны, экологияны қорғауға бағытталған басым мақсаттар мен идеялар бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды бастамалар болып табылады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан үгіт-насихат іс-шараларында партияның осындай бастамалары кеңінен қолдау табуда.
М.Комилова, ӨзА