Екі жасар баланы өлімнен арашалап қалған Ташкенттік дәрігер марапатталды

Әлуметтік желілер арқылы тарап кеткен бейнетаспадағы болған жағдай, өлім үстіндегі баланы оталаринголог-дәрігер құтқарып қалған бейне әлеуметтік желі пайдаланушылар тарапынан қолдау тауып, министрлік тарапынан марапатталды.

Аталған осы бейнедегі ата-анасы емханаға әкелген жас бүлдіршінді өлімнен құтқарып қанған ақ халатты 41 жасар абзал жан Сергей Владимирович Тобиастың еңбегі еленіп Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов тарапынан «Денсаулық сақтау үздігі» атты төсбелгісімен марапатталды.

Өткен апта өзбек әлеуметтік желілері арқылы тарап кеткен бейнетаспада өлім мен өмір арасындағы арпалыста жанталасқан екі жасар Умар Нуріллаевті, Сергей Тобиас реаниматолог болмаса да, өз саласының шебері екендігін көрсетіп өлімнен арашалап қалған болатын.