Египетте COVID-тің жаңа нұсқасы пайда болды
Египетте COVID-19-дың жаңа «Эрис» түріне байланысты алғашқы екі жағдайы тіркелді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі дерегінше, «ауру қадағаланатын орталықта жүргізілген талдау нәтижесі тұмауға ұқсас жіті жұқпалы ауру пневмонияның жаңа түрі «Covid-19 EG-5.2» екенін растады», - делінген.
Хабарда айтылуынша, екі адамда да аурудың жеңіл белгілері байқалып, науқастар сауығып кете бастаған. Бұған дейін ДДҰ «COVID-19» ауруының «Эрис» деп аталатын «EG.5» түрі әлемде өте тез таралып жатқанын алаңдаушылықпен хабарлады. Қазіргі уақытта бұл нұсқаның жаһандық ауқымда қауіп төндірмейтіні атап өтілген.