Эболадан көз жұмғандар саны 300-ден асты
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті күшейіп барады. Елде вирус жұқтырғандар саны 1155 адамға жетіп, 304 адам қайтыс болды.
Ел үкіметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 326 науқас дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр. Эбола негізінен Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында таралған. Қарулы қақтығыстар жалғасып жатқан Итури індет ең көп тіркелген өңір болып отыр.
Айта кетейік, Конго Демократиялық Республикасының билігі Эбола індетінің таралуы туралы 15 мамыр күні ресми түрде жариялаған болатын. Оған дейін ауру бірнеше апта бойы анықталмай келген.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сарапшылары бұл індет ел тарихындағы ең ірі Эбола эпидемияларының біріне айналуы мүмкін екенін болжауда.