ДДСҰ қытайлық екінші вакцинаны мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдың Sinovac коронавирусқа қарсы вакцинасын шұғыл кезде қолдануға рұқсат етті.
«ДДСҰ қауіпсіздіктің, тиімділіктің және өндірістің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін COVID-19-қа қарсы Sinovac-CoronaVac вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берді», - делінген Reuters хабарламасында.
Тәуелсіз сарапшылар тобы Sinovac вакцинасын 18 жастан асқан ересектерге қолдануды ұсынған. Десе де бұл вакцинаны қолдануда жас мөлшеріне шектеу жоқ екендігі айтылады.
Sinovac - бұл ДДСҰ мақұлдаған екінші қытайлық вакцина. Бұған дейін 7 мамырда Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасы алғаш рет мақұлданған еді.