CNN: Иранда миллиондаған адам жұмыссыздыққа тап болды
CNN басылымының жазуынша, АҚШ пен Израильдің Ислам Республикасына қарсы соғысы салдарынан бірнеше миллион ирандық жұмыссыз қалып, қазіргі таңда кедейлік шегіне жақындаған.
Хабарда айтылуынша, дағдарыс экономиканың дерлік барлық саласына әсер еткен. Зардап шеккендердің қатарында мұнай өңдеу зауыттарының және тоқыма фабрикаларының жұмысшылары, жүк көлігі жүргізушілері мен стюардессалар бар.
БҰҰ Даму бағдарламасы мәліметіне сәйкес, қақтығыс тағы 4,1 миллион адамды кедейлікке ұрындыруы мүмкін. Мыңдаған әуе шабуылдарының салдарынан туындаған ауқымды қиратулар халықтың жаппай көшуіне және өнеркәсіпке елеулі зиян келуіне әкелді.
Ресми статистика жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініштердің күрт артқанын көрсетеді: соңғы екі айда 147 мың өтініш түскен. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе көп.